Сарыағаштық полицейлер дәмханадан телефон ұрлаған бойжеткенді анықтады
Сарыағаштық полицейлер дәмханадан телефон ұрлаған бойжеткенді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сарыағаш ауданы ПБ-ға ұрлық жайтының құрбаны болған жәбірленуші бойжеткен арызданып, өзі жұмыс жасайтын дәмханадан IPhone телефонын белгісіз біреу жымқырып кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 150 мың теңге.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.
Хабар алысымен сарыағаштық сақшылар толық құрамда оқиға орнына жедел жетті. Көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауға қажетті шаралардың барлығын жасады. Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті жергілікті тұрғын, яғни жас қыз болып шықты. Бүгінде бойжеткеннен айғақты зат ретінде қолды болған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, кешкі уақытта күдікті бойжеткен дәмханаға кірген. Содан соң айналада ешкімнің жоқтығына көз жеткізіп, үстел үстінде тұрған ұялы телефонды жасырын жымқырған. Өз арам ойын іске асырып болған соң, оқиға орнынан бой тасалаған.