Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер бөтеннің көлігін өрттеп жіберген күдіктіні ұстады

Ақмолалық полицейлер бөтеннің көлігін өрттеп жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйекте Ақкөл аудандық полиция бөліміне Ақкөл қаласының 50 жастағы тұрғыны жүгінді. Өтініш беруші 7 қыркүйекте Ақкөл қаласындағы дәмханалардың бірінің жанындағы тұрақта белгісіз тұлға оның ВАЗ-2107 автокөлігін өртегенін айтты. Келтірілген залалдың сомасы бір млн теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотталған 28 жастағы ер адам болып шықты. Күдіктінің бұрын құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысатын өтініш берушіде әртүрлі жұмысты істейтін жұмысшы ретінде қызмет еткені анықталды. Ер адам жұмысқа шықпай қойғандықтан жұмыстан босатылған. Бұған жауап ретінде қаскүнем қараңғы уақытта көліктің салонына жанып тұрған қағазды лақтырып, көлікті өртеп жіберген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі “Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақкөл аудандық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру