Қызылорда облысының тұрғыны полиция жұмысына алғысын білдірді
Қызылорда облысының тұрғыны полиция жұмысына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz
31 тамыз күні Қызылорда облысы ПД Шиелі ауданының полиция бөліміне белгісіз біреулер ауылға қарасты Құржымбай деп аталатын мал жайылымдық жерінен бір бас сиырын сойып алып және қасындағы баспағын ұрлап кеткені туралы арызданған.
Арыз бойынша күдіктілерді анықтау мақсатында Шиелі аудандық полиция бөлімі және Қызылорда облысының Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылып, жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде үй жануарларын ұрлаған екі күдікті анықталып, ұрланған баспақ иесіне қайтарылды.
Еңбекші ауылының тұрғыны Нұрғали Ібішов полиция қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.