Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО аудандарының бірінде 12 мотокультиватор иесі ЖЖҚ бұзған

СҚО аудандарының бірінде 12 мотокультиватор иесі ЖЖҚ бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мотокультиваторларды көлік құралы ретінде пайдалану – ауылды жерлерде жол қозғалысы қауіпсіздігіндегі күрделі мәселелердің бірі. Аталған техника түрі жер телімдерін жыртуға арналған. Дегенмен, аудан тұрғындары тіркеме тіркеп алып, қозғалыс құралы ретінде пайдаланады, тіпті адамдарды, жүктерін тасымалдайды. Оның үстіне, тәжірибе көрсеткендей, апаттық жағдай тудырып, жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарына жол береді. Ауылдықтар мотокультиваторларымен елді мекеннен алыстап кетеді, тіпті тас жолдарға да шығып кетеді, масаң күйде жүретіндері де бар, кейде кәмелетке толмағандар да тізгіндейді. СҚО Мамлют ауданында күздің басында патрульдік полиция тобының қызметкерлері культиваторлардың иелеріне қатысты 12 хаттама толтырған. Негіз – жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін, маневрлеу ережелерін бұзу. Жиі жағдайда адамдар ЖЖҚ білмей, культиваторларымен жүріп келе жатып, белгісіз бұрыла салады, бұл жол-көлік оқиғасының жасалуына жол береді. Бір аталған көлік иесі масаң күйінде тізгіндегені үшін жауапқа тартылды.

– Жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың салдары ауыр ЖКО жасалуына әкеп соқтырады. Осындай қайғылы жағдайлар қайталанбас үшін полиция қызметкерлері мотокультиватор иелері тарапынан жасалатын бұзушылықтарды болдырмауға бағдарланған. Қозғалыс құралының түріне қарамастан ЖЖҚ қатаң сақтау қажет екендігін естеріңізге саламыз, – дейді Мамлют ауданының ПБ бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафин.

Айта кететіні, мақсатты бағытталған жұмыс өз нәтижесін берді:ауданда соңғы аптада ұқсас бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру