Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталған отбасымен бір жылдан кейін қауышты

СҚО-да сотталған отбасымен бір жылдан кейін қауышты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының әйелдер колониясында Отбасы күнін мерекелеу аясында мекеме басшылығының қолдауымен сотталғандардың отбасыларымен кездесуі ұйымдастырылды.

Екі сағатқа созылатын қысқа мерзімді кездесулерден басқа, кезек тәртібінде бірнеше сотталған ұзақ мерзімді кездесулерге рұқсат алды. Әйелдер өз отбасыларымен екі күн өткізеді, уақытша болса да үй жағдайында олар қайтадан отбасылық жайлылықты сезіне алады. Ұзақ кездесулер өтетін ғимаратта жалпы ас үй, зал және әр отбасы үшін жеке бөлмелер бар. Балалармен бірге келгендер үшін барлық жағдай жасалған арнайы бөлмелер, сондай-ақ балалардың ойын бөлмесі жабдықталған.

Қазіргі уақытта ұзақ кездесулерге арналған бөлмелерде үш отбасы орналасқан. Сотталған Е. белгілі бір себептермен отбасын бір жылға жуық уақыт көрмеген. Оған күйеуі, әпкесі, балалары мен немерелері келді.

– Өз туыстарыммен тағы да кездесуге мүмкіндік үшін алғысымды білдіргім келеді. Немерелерім бір жыл жыл ішінде өсіп кетті, үлкені тіпті бірінші сыныпқа барды. Менің отбасым үлкен, оларды көрген сәтте, жүрегім жылулыққа толды. Мұндай сәттерде отбасымнан маңызды ештеңе жоқ екенін түсінем. Олар менің басты құндылығым, – дейді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру