Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ұрылар құдалыққа арналған сыйлықты қолды қылған

Ақтөбеде ұрылар құдалыққа арналған сыйлықты қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ішкі істер органдарының маңызды міндеттерінің бірі – азаматтардың мүлкінің ұрлануының алдын алу. Жедел профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне қарамастан, облыс орталығында пәтер ұрлығы азаяр емес. Ұрылар негізінен иелері жоқ үйлерді таңдайды.

Мысалы, қыркүйек айының басында үй иелерінің тойдың қамымен мейрамханада жүргендігін пайдаланып, белгісіз адамдар үйді тонап кеткен. Қаскүнемдердің олжасы құдаларға арналған кәде сыйлықтар мен зергерлік бұйымдар болған.

Ақтөбе қаласының аумағында осыған ұқсас бірнеше пәтер ұрлығы тіркелді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру