Қызылорда облысында «Дәрмек» ЖПІШ барысында 20 құқық бұзушылық тіркелді
Қызылорда облысында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 20 құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Облыс көлемінде есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жалпы 75 мекеме, оның ішінде 38 дәріхана және 37 денсаулық сақтау саласындағы мекеме тексерілді.
Аталған іс-шара барысында 20 құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде 6 қылмыстық және 14 әкімшілік құқық бұзушылық. Атап айтқанда: есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу бойынша бір дерек, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 3 дерегі, есірткі өткізу бойынша 2 дерек, фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзудың сегіз дерегі, есірткі айналымы саласындағы объектілердің техникалық нығайтылу талаптарын бұзудың төрт дерегі және лицензия талаптарын бұзудың бір дерегі және заңсыз фармацевтикалық қызметтің бір дерегі анықталды.