Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында жеті «түнгі көбелек» есепке алынды

Шығыс Қазақстан облысында жеті «түнгі көбелек» есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстанда адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікке мәжбүрлеу, құлдықты ұйымдастыру сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әшкерелеуге бағытталған «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Акция аясында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері облыс бойынша 630-дан астам шаруа қожалығын заңсыз еңбек пайдалануды анықтау және бас бостандығынан айыру бойынша тексерді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде полиция қызметкерлері қандай да бір еңбек шартын жасамай-ақ адамдарды жұмысқа жіберудің сегіз фактісін анықтады. Оның ішінде Тарбағатай ауданында 4, Зайсан ауданында екі және Ұлан ауданында екі жағдай тіркелген.

Сонымен қатар, құқықтық тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін тоғыз азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Өткізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша құжаттарсыз «жеңіл жүрісті» жеті әйел ұсталды. Қазіргі уақытта тәртіп бұзушылар есепке алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру