“Кезексіз пәтер алып беремін”: Қызылордада тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды
Қызылордада кезексіз пәтер алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
15 қыркүйек күні Қызылорда қаласы Полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғаны туралы арызданған. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, “кезексіз пәтер алып беремін” деп 500 мың теңге ақшасын алған. Ақшаны алғаннан кейін уәде орындалмаған, ақша да қайтарылмаған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, жәбірленушіден алған ақшаны өз пайдасына жұмсап жібергені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.