Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының автожолдарында «Автоураган» 12 кешені пайдалануға берілді

Ақмола облысының автожолдарында «Автоураган» 12 кешені пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Ақмола жолдарындағы апаттылықтың төмендегенін айтып отыр. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде полиция қабылдап жатқан шаралар туралы өңірлік Полиция департаментінің басшысы мәлімдеді.

Думан Таевтың айтуынша, құқық қорғау органдары мен құзыретті мемлекеттік органдардың орасан зор жұмысының нәтижесінде биыл ЖКО-ның жалпы саны 6%-ға, қаза болғандар саны 9%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайды.

Құқық қорғау органдарының пікірінше, жол-көлік оқиғасының басты себептерінің бірі – жүргізушілердің төмен тәртібі және белгіленген жылдамдық режимін сақтамау. Бұзушылықтың бұл түрін анықтауда негізгі рөлді автоматты белгілеу жүйелері атқарады.

Биыл ақмолалық полицейлердің бастамасымен және облыс әкімінің қолдауымен қосымша 13 «Автоураган» кешені сатып алынды. Апаттылықты ескере отырып, аталған жүйелер «Алматы – Екатеринбург», «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр», «Көкшетау – Атбасар» және Щучинск қалаларында пайдалануға берілді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда өңірде 50 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған, олардың 27-сі халықаралық және Республикалық маңызы бар жолдарда, 10-ы өңірдің ірі қалаларының көшелерінде жылдамдық режимін бақылайды. Олардың көмегімен осы жылы 72 мыңнан астам жылдамдықты арттыру фактілері тіркелді, жүргізушілері «АҚЖ» сақтандыру полисінсіз көлікті басқарған 240-тан астам көлік құралы анықталды, жалған нөмірі бар 15 автокөлік және бұрын басқару құқығынан айырылған 54 жүргізуші анықталды.

Апаттардың тағы бір себебі – инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы. Соңғы бірнеше ай ішінде Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және жол ұйымдарының өзара іс-қимылымен орасан зор жұмыс атқарылды.

Жануарлардың қатысуымен болатын ЖКО-ға жол бермеу үшін жолдарда 36 толық көлемді жануарлар макеті орнатылды, ал жыл соңына дейін тағы 29 макет орнату жоспарлануда. Мұндай шара трассалардың осы учаскелерінде жануарлардың қатысуымен болатын аварияларды толығымен жоюға мүмкіндік берді.

Қозғалыстың ең кішкентай қатысушыларын қорғау үшін мектептер мен ойын алаңдарының жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінде балалардың макеттері орнатылды. Ал жаяу жүргіншілердің түнгі уақытта жүруіне жол бермеу үшін соңғы үш айда 5 проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды, жақын арада тағы 7 жаяу жүргінші өткелі пайдалануға беріледі.

Биылғы жылы жылдамдық режимін төмендету, жолдардағы авариялық – қауіпті учаскелер туралы жүргізушілерді ескерту мақсатында патрульдік машиналардың 16 макеті, 15 страбоскоп, 40 тақырыптық билборд, 24 жасанды кедергілер орнатылды, жүргізушілердің шамадан тыс жұмыс істеуіне байланысты ЖКО-ны болдырмау үшін 42 учаске шулы жолақтармен жарақтандырылды.

Өткізу қабілетін арттыру және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру үшін қосымша 10 бағдаршам объектілері, 600-ден астам жол белгілері орнатылды, тағы 76-сы қайта орнатылды.

Айта кету керек, жол инфрақұрылымын жүйелі жетілдіру, барлық құзыретті мемлекеттік органдардың өзара тығыз іс-қимылы – Ақмола жолдарындағы апаттылық деңгейін төмендетудің басты факторларының бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру