Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды

Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті жақын маңдағы ойын-сауық мекемесінде мерекелік іс-шараны тойлап жатқан Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері төбелеске қатысқанын хабарлады.

Абырой болғанда, жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.

– Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру