Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы әскери қызметкерлермен анонимдік тестілеу өткізді

Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы әскери қызметкерлермен анонимдік тестілеу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесі және Ішкі істер министірлігінің нұсқауын орындап ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамының арасында суицидке қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. ҚР ІІМ Шығыс өңірлік Әскери-тергеу басқармасының бастығы Мұхамет-Қали Қарсыбеков қарамағындағы жедел бөлім қызметкері аға жедел уәкіл Ернар Уалхан және Шығыс өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Аягөз бөлімінің аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі Айдос Байзаков бірге Семей қаласынан 600 шақырым қашықтықта орналасқан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұржар ауданы бойынша шекара басқармасына іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында Абай облысы Полиция департаменті Ұржар аудандық полиция бөлімінің инспектор-психологы Мадина Жақсылыкованың қатысумен бірге Ұржар ауданы бойынша шекара басқармасының және оған бағынысты 14 шекара заставасының жеке құраммен анонимдік тестілеу өткізді. Атап айтқанда, жалпы 508 әскери қызметкермен анонимдік тестілеу өткізілді, оның ішінде 43 офицер, 153 келісім шарт бойынша әскери қызметкерлер, және 313 мерзімді әскери қызметкерлер қатысты.

Сонымен қатар, сауалнама өткізу барысында ҚР ІІМ Шығыс өңірлік Әскери-басқармасының бастығы Мұхамет-Қали Қарсыбековтың басшылығымен және Шығыс өңірлік әскер-тергеу басқарма қызметкерлерімен шекара бойында орналасқан заставалардың тұрмыстық жай күйіміне танысып, шекарашы мерзімді әскери қызметкерлеріне әскери өмірге тезірек бейімденулері үшін әр сарбазбен жекелей сұхбаттар жүргізіп, жеке құраммен әскери ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жәйлі, оның ішінде әскери қызметшілердің өз-өзіне қол жұмсау сияқты жағымсыз құбылыстарды жою жөніндегі профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.

Дәл осындай іс шаралар бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының барлық аумағында орналасқан әскери құрылымдарының жеке құрамының араларында өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру