Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты
Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
19 қыркүйекте сағат 04.30-да Mercedes-Benz автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы Кенсахара аулының маңындағы Ақтөбе – Орынбор автожолының 59-шақырымында жолдың жүру бөлігімен ілеспе бағытта келе жатқан 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жыл басынан бері облыс жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 103 ЖКО болды, онда 7 адам қаза тауып, 101 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Ақтөбе облысы бойынша Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.