Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жол көлік оқиғасы Панфилов ауданында орын алды. 20 қыркүйек күні Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолының 273-шақырымында Lexus-470 автокөлігі аударылып кетті. Көлік салонында оқиға орнында қаза тапқан үш адам болған.

Қайтыс болғандардың екеуі 39 жастағы және 37 жастағы ерлі-зайыптылар. Үшінші тұлғаның жеке басы анықталуда.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Олар барлық мән-жайды және көлік тізгінінде кім болғанын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру