Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жасөспірім» ЖПІШ: Түркістан облысында 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында Түркістан облысы ПД бастығының бұйрығына сәйкес, 2022 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болуына жол бермеу.

Мәселен, рейдтік іс-шаралардың өткен тәулігінде ювеналды полиция қызметкерлері 221 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен 15 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен алты дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігімен – 22, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша 173 құқық бұзушылық анықталды.

ІІО-да профилактикалық есепке барлығы 35 адам қойылды, оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 18 кәмелетке толмаған жасөспірім және ата-ана міндеттерін тиісті түрде орындамаған 17 қолайсыз отбасы бар. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 жасөспірім орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру