Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да көлік жүргізушісі құлынды соғып кетті

СҚО-да көлік жүргізушісі құлынды соғып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері еркін жайылымға жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын ұдайы негізде жүргізеді. Жолда кенеттен пайда болған қаңғыбас мал жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін.

21 қыркүйекте сағат 23:10 шамасында Қызылжар ауданындағы Соколовка ауылының маңында Петропавл – Ишим автожолының 37 шақырымында көлік басқарып келе жатқан 35 жастағы петропавлдық пен оның жанындағы жұбайы мінген Mercedes автокөлігінің алдынан кенеттен 6 айлық құлын шыға келіп, соқтығысты. Абырой болғанда, соқтығысу салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Машина механикалық зақым алды, құлын аман қалды. Еркін жайылымға жол бергені үшін жануарлардың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету қажет, оқиғадан 2 күн бұрын учаскелік инспектор онымен сөйлесіп, жануарларды мұқият бақылау қажеттілігі туралы ескертті.

– Сондай-ақ, жүргізушілер жолда жабайы аңдардың кенеттен пайда болуынан сақ болу керек. Осындай оқиғаларға жол бермеу үшін облыс жолдарында жануарлардың 27 макеті орнатылды, олар жүргізушілердің назарын аударады және аса қауіпті учаскелерде жылдамдықты төмендетуге мәжбүрлейді. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан «Жол-көлік оқиғаларын тоқтатайық» акциясы аясында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерге ықтимал қауіп туралы ескертеді, елді мекендердің маңында және тас жолдың жүру бөлігіне жақын жерлерде жылдамдықты төмендетуге кеңес береді, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру