Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйек сағат 22.20 шамасында Екібастұз қаласының Энергетиктер көшесіндегі ЖҚС жанында Toyota Camry 30 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Toyota Camry 55 автокөлігімен соқтығысқан.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry 30 көлігінің жүргізушісі алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция түрлі жарақаттармен ауруханаға тағы 4 зардап шегуші жатқызылғанын айтты: 2001 жылы туған Toyota Camry 30 автокөлігінің жолаушысы, 42 жастағы Toyota Camry 55 жүргізушісі және оның 1988 және 1976 жылдары туған екі жолаушысы.
Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.