Бұрын сотты болған ер адам базар қызметкерін тонап кеткен
Бұрын сотты болған ер адам базар қызметкерін тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясының қызметкерлері ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 1984 жылы туған К.есімді азаматты ұстады.
Алатау ауданындағы базарлардың бірінде жүріп, сатушының сатып алушылармен қолы босамай жатқанын пайдаланып, сөреден ұялы телефонды ұрлап кеткен. Оның қылмыстық әрекеті бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалуымен де дәлелденеді.
– Жедел іс-шаралар барысында бұл адамның жеке басы, сондай-ақ ұрлыққа қатыстылығы анықталды. Келтірілген материалдық шығын 250 мың теңгені құрады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің Алматы аумағында осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасауы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Бұл нұсқа тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.