Өскеменде алаяқ әйел адамды ипотека алуға көмектесемін деп алдап кеткен
Өскеменде алаяқ әйел адамды ипотека алуға көмектесемін деп алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны полицияға бейтаныс жігіттің пәтер сатып алуға ипотекалық несие ресімдеуге көмектесемін деп уәде етіп алдап кеткені туралы хабарлап, жүгінген. Өз қызметі үшін ол әйелден 3 207 500 теңге алған, әйел ақшаны қонақ үй кешендерінің бірінде өзі табыстаған.
Уәде етілген ипотеканы және өз ақшасының қайтарылуын күтпей, жәбірленуші тәртіп сақшыларына жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.