Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкенде камера орнатпаған жеке кәсіпкер айыппұл арқалады

Павлодарда дүкенде камера орнатпаған жеке кәсіпкер айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 маусымда сағат 18.50-де «102» операторының пультіне Павлодар қаласындағы Н.Назарбаев даңғылындағы үйде орналасқан дүкенде ұрлық болғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз тұлға еркін қол жеткізу арқылы жеке кәсіпкерге тиесілі ұялы телефонды үптегенін анықтады. Жалпы шығын 160 мың теңгені құрады.

– Оқиға болған жерді тексеру барысында тергеуші дүкен ғимаратында бейнебақылау камераларының жоқ екенін анықтады. Яғни, қылмыскер өз әрекеттерінің елеусіз қаларына сенімді болған. Осыған байланысты тергеуші Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 200-бабының тәртібімен ЖК-ге қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізді. Осы ұсыныста жеке кәсіпкерге бейнекамералар орнату бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат беру үшін отыз күндік мерзім белгіленді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті анықтама басқармасынын бастығы Қабдылманап Әкебаев.

Алайда жеке кәсіпкер қылмыстық қудалау органының талаптарын елемей, белгіленген мерзімде ұсыныста көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы хабарламағанын атап өтті полицияда.

– Осыған байланысты кәсіпкерге қатысты полиция ҚР ӘҚБтК-нің 479-бабы (Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қолданбау) бойынша әкімшілік іс қозғалды. 22 қыркүйек Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотымен аталған материал қаралды. Кәсіпкерге қатысты 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, – деді Қабдылманап Әкебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру