Ақтөбе облысында екі көліктің қатысуымен ЖКО болды
Ақтөбе облысында екі көліктің қатысуымен ЖКО болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – жылдамдықты шектен тыс асыру.
Мысалы, 27 қыркүйекте сағат 05.30 шамасында Самара – Шымкент автожолының 562-шақырымында Орал қаласынан Қобда ауданына бағыт алған 27 жастағы БҚО тұрғыны тізгіндеген LADA-211540 автокөлігі мен Ресей Федерациясы азаматының басқаруымен Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан LADA-211540 автокөлігінің жүргізушісі Қобда аудандық ауруханасына жеткізілді.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға ережелерді бұлжытпай сақтауға, жол қозғалыс жылдамдығын асырмауға, мұқият болуға және өз өміріңіз бен өзгелердің өмірін қорғауға шақырады!