Алматыда дүкен ұрысы қолға түсті
Алматыда дүкен ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Шаһардың полиция қызметкерлері дүкендерден заттарды ұрлады деген күдікпен 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
– Ж. есімді азамат ауданымызда орналасқан киім дүкендерінен бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскөй анықталды және ұсталды. Тергеу бөлімі күдіктінің қылмыстық әрекеттерін дәлелдеді. Барлық эпизодтар бір өндіріске біріктіріліп, қылмыстық іс тіркелді. Қазір ұсталған азаматтың қалада жасалған осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Ж. есімді азамат қамауға алынды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.