Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарт павлодарлықтарға 300 бөлке нан таратылды

Қарт павлодарлықтарға 300 бөлке нан таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек-Павлодар» РМК және «№46 мекеме» РММ ұжымы «қарттар күні» акциясын өткізіп, үш жүз бөлке тегін нан таратты.

– Бүгін біз қаланың қарт тұрғындарына назар аударуды шештік және Павлодар қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу кезінде үш жүз бөлке нан тараттық. «Жақсылық жаса» акциясы «қарттар күніне» орайластырылды. Нан жарты сағат ішінде таратылды, қарттар тегін нандарды қуана қабылдады. Олардың күлкісі мен алғыс сөздері біз үшін басты марапат. Мүмкіндігінше біз павлодарлықтар үшін осындай іс-шараларды әрі қарай да өткізетін боламы, – «Еңбек Павлодар» РМК директоры Асылхан Оспанов түсініктеме берді.

Сотталғандар жаңа піскен нандарды пісірді.

– Мекемеде наубайхана бар, ұнды РМК өкілдері берді, таңертең қала тұрғындарына жаңа және әлі жылы нан жеткізу үшін тұтқындар нан пісірді. Әрине, біз оларға бұл партиялар қайырымдылық мақсатта кететінін айттық, – деді мекеме бастығы Ербол Шәріпов.

Павлодарлықтар акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру