Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрынғы мұғалім сыйақы үшін тестілеуден өтуге уәде еткен

Бұрын педагог болып жұмыс істеген күдікті сыйақы үшін тестілеуден өтуге уәде беріп, тұрғындардың ақшасын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бұрын педагог болып жұмыс істеген Павлодар облысының тұрғыны белгілі бір сыйақы үшін ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуді ұсынған. Ол өз «қызметін» 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін бағалаған. Полицияға бүгінгі таңда алданған 108 адам арызданған.

Күдікті клиенттерін мұғалімдердің Telegram арнасындағы чаттары мен сайттарға жарнама орналастыру арқылы тапқан. Ол чаттарда ұстаздардың біліктілігін арттыру үшін ұлттық тестілеуден өтуге көмектесіп жүргенін жазып, адамдарға жалған сертификаттар берген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, оның елорда аумағында өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Аталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданының Полиция басқармасына Ақбұғы көшесі 2 мекенжайы бойынша немесе 8 (7172) 71-66-10, 71-66-11, 102 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру