Павлодарда жаяу жүргіншілердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы болды
Павлодарда жаяу жүргіншілердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығының жолдарында екі жол-көлік оқиғасы тіркелді.
5 қазанда сағат 18.10-да Лермонтов көшесіндегі №43 ЖОББМ-ге қарама-қарсы жерде Toyota Corolla автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2013 жылы туған жаяу жүргіншіні қаққан. Ол реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жүріс бөлігінде бағдаршамның сары белгісіне өткен. ЖКО салдарынан жарақат алған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.
Сол күні сағат 18.15-те Ломов көшесіндегі 60-үйге қарама-қарсы жерде Nissan Qashqai автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.
Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр.