Екібастұзда сотталғандар үшін қаржылық сауаттылық бойынша оқыту ұйымдастырылды
Екібастұзда сотталғандар үшін құқықтық, сандық және қаржылық сауаттылық бойынша оқыту ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласында 29 жасқа дейінгі жастар мен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға құқықтық цифрлық және қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өтті. Бұл шара Екібастұз қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығымен, сондай-ақ «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Шара Екібастұз қаласындағы №23 орта мектеп базасында мамандықтар бойынша арнайы мұғалімдерді шақырумен өтті.
– Екібастұзда пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз 270-тен астам сотталған тұр, бұл оқуға 29 жасқа дейінгі 20-ға жуық адам қатысты. Екібастұз қалалық пробация қызметінің қызметкерлері «Кенжекөл жастары» ЖҚБ және Екібастұз қ. ЖБДО басшысына, сонымен қатар бөлінген дәрісханалар үшін мектеп директоры Ләззат Манабайқызына үлкен алғысын білдіреді.- деп айтты Екібастұз қаласы пробация қызметінің бастығы Лаура Суханова.
ҚАЖД-де заң шегінен өткендерді оқыту тұрақты түрде қоғамдық бірлестіктердің қолдауымен жүргізіліп жатқанын атап өтті.