Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда мас жүргізуші қамауға алынды

Мақтааралда мас күйде көлік тізгіндеген тұрғын 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мақтаарал АПБ-ның патрульдік полиция тобының инспекторлары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстарды үнемі өткізіп отырады. Осындай кезекті тексеріс кезінде полицейлердің назарына жүрісі күдікті, жарық шамын жақпай, қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан ВАЗ-2106 маркалы автокөлігі ілінді.

Атакент – Мырзакент тас жолында анықталған көлік полицейлермен бірден тоқтатылды. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын қарау барысында, оның алкогольдік ішімдік ішкеніне күмәнданды. Медициналық зерттеу қорытындысы жүргізушінің “жеңіл дәрежелі” мас екенін растады. Осылайша жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593, 602, 230-баптарымен үш бірдей хаттама толтырылды. Сондай-ақ мас күйде көлік тізгіндегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) тіркеуге алынды.

Жүргізушіге қатысты жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде көлік иесі 15 күн әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру