Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсу тұрғыны екі әріптесінің атынан несие рәсімдеп алған

Ақсу тұрғыны екі әріптесінің атынан несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласының екі тұрғыны алаяқтық жоспардың құрбаны болды. Полицияға жүгінген азаматтар несиелер бойынша банктер өтем талап етіп жатқанын мәлімдеді, алайда олар банктен ешқандай ақша алмаған.

Тексеру барысында анықталғандай, әріптестерінің бірі хабарласу сылтауымен аталмыш азаматтардың ұялы телефондарын сұрап алып, оларға өз бетінше несие рәсімдеген.

Әріптесінің біріне 2,7 млн теңге сомасына тауарлық несие, екіншісіне 1,1 млн теңге сомасына ақшалай несие ресімдеген. Банк несие беруді мақұлдағаннан кейін ол қолма-қол ақшаны өз шотына аударып алған.

Қазіргі уақытта жапа шегуші екі азаматтың 24 жастағы «пысық» әріптесіне қатысты Қазақстан Республикасының ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру