Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі түзеу мекемесі жанындағы көпсалалы колледжде 100 сотталған мамандыққа білім алуда

2022-2023 оқу жылында Ақтөбедегі №8 түзеу мекемесі жанындағы көпсалалы колледж табалдырығын 100 сотталған аттап, түрлі мамандықтарға білім алып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің аумағында орналасқан Ақтөбе көпсалалы колледжі мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандарға: ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, дәнекерлеуші, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу секілді мамандықтар бойынша білім береді. Аталғанға сай, колледж әрбір мамандыққа байланысты өндірістік аймақтармен жабдықталған. Нақтырақ айтқанда, өндірістік аймақтар қазіргі заманауи құрылысқа пайдаланылатын құралдармен, яғни автоматты тігін машиналары, аверлогтар, дәнекерлеу құралдары тағы басқа құрал-жабдықтармен жеткілікті тұрғыда жабдықталған. Мұнда білім алушы сотталғандар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, колледждің қоғамдық жұмыстарына да белсенді түрде атсалысады.


Сонымен қатар, түзеу мекемесі жанындағы колледж ғимараты жоғарыда көрсетілген мамандықтарға байланысты заманауи тұрғыда безендірілген аудиториялармен, зертханалармен де қамтылған. Колледжде білім алушылар теориялық білімдерін арнайы аудиторияларда шыңдап, ал өңдірістік оқыту және кәсіби практика кезінде өндірістік аймақтарда тәжірибеден өтеді.

– 2021-2022 оку жылында Ақтөбе қаласындағы №8 түзеу мекемесі жанындағы көпсалалы колледжді 34 жазасын өтеуші сотталған аяқтаған болса, қазіргі таңда оның 20-сы тiгiн шеберханасы, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы секілді колледжде алған мамандықтары бойынша түзеу мекемесінде ақылы жұмыстарды жасап келеді.
Жалпы, түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер сотталғандарды ақылы еңбекпен қамту – олардың сот шығындарын өтеу, отбасыларына жалақысын жіберуге қолдаумен қатар, жазасын өтеушілердің түзелу жолына түсулеріне көмектеседі. Сондай-ақ, жазасын өтеушілер темір тордың ар жағында алған мамандықтарын бостандыққа шыққаннан кейін де пайдаға асырып, отбасын асырау мүмкіндіктеріне ие, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру