Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері шөп артылған жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады     

Түркістан облысының полицейлері шөп артылған жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қазан күні сағат 21.50 шамасында Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне ауыл көшелерінің бірінде шөп артып алған ГАЗ 53 жүк көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден шықты.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, белгісіз біреу Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі 280 пресі бар жүк көлігін өртеп жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен алты миллион теңгеге жуық.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды, куәлардан жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде жедел уәкілдер жүк көлігіне келіп, ондағы шөпті өртеп жіберген күдікті адамның бейнесін көрді. Ол от қойғаннан кейін орындыққа отырып, өртті бақылаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйінде белгісіз себептермен жәбірленушінің көлігін өртеп жіберген.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру