Ақмола полицейлері MMA бойынша Қазақстанның ашық чемпионатында 5 жүлдеге ие болды
Ағымдағы жылдың 11-13 қазаны аралығында Щучинск қаласында ММА бойынша Қазақстанның ашық чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республикалық біріншілікте жеті салмақ дәрежесінде үздік атағы үшін еліміздің барлық өңірлерінен 80-ге жуық спортшы, оның ішінде бес ақмолалық полицей бақ сынасты. Тәртіп сақшылары табанды күресте бес марапатқа ие болды.
Әр түрлі салмақ дәрежесінде үш қола жүлдені Асылхан Иманбаев (65,8 келі), Айболат Әлібеков (70,3 келі) және Ерсайын Илюбаев (83,9 келі) иеленді. 93 келі салмақ дәрежесінде Рахметулла Сатывалдиев күміс жүлдегер атанды. 83,9 келі салмақ дәрежесінде үздік атағын Әлішер Болатов жеңіп алды. Ол енді Тайландта өтетін ММА бойынша Азия чемпионатында Республиканың намысын қорғайтын болады.