Павлодар облысының полицейлері жасөспірімді ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр
Павлодар облысының полицейлері жасөспірімді ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу кезінде @mypavlodar Instagram парақшасында 19 қазан күні ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып, оны балағаттап жатқан видео жарияланды.
– Полиция осы видео бойынша тексеру жүргізді. 8 қазан сағат 14.00 шамасында Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында 44 жастағы ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оның қорытындысы – «балаға келтірілген дене жарақаттары денсаулыққа жеңіл зиян келтірілгенге сәйкес келеді». Осыған байланысты ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 20 қазанда материал сотта қаралатын болады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер бұл жағдайдың себебі жасөспірім мен ер адамның арасындағы келіспеушіліктен туғанын түсіндірді. 9 қазанда зардап шеккен баланың заңды өкілі өтініш білдірген.