Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында медбике бірқатар бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды

Абай облысында медицина қызметкері бірқатар бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Дәрмек” ЖПІШ өткізу шеңберінде Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі және психотроптық заттарды сатып алу, сақтау, жою, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу үшін емдеу-профилактикалық және медициналық мекемелер, дәріханаларға тексеру жүзеге асырды.

ЖПІШ нәтижелері бойынша ҚР ДСМ 26.01.2015 жылғы №32 “ҚР бақылауына жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы” бұйрығының негізінде бірқатар бұзушылықтар құжатталды.

Бесқарағай ауданының емдеу мекемелерінің бірінде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау, есепке алу және жою ережелерін бұзу фактісі анықталды.

Аталған факті бойынша 25 жастағы медицина қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 303-бабы 1-бөлігі (Есiрткi, психотроптық немесе улы заттарды өндiру, дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекеттi аталған қағидаларды сақтау мiндетiне кiретiн адам жасаса) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Осы баптың санкциясымен үш жылға дейінгі мерзімге немесе онсыз белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру