Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қарағандыда сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қаладағы сауналардың бірінде интимдік қатынас ұйымдастыратын притонның бары туралы ақпарат түсті.

Белгілі болғандай, аталған сауна тәулік бойы жұмыс істеген. Оның әкімшісі 27 жастағы азаматшаның міндеті саунаға келушілерге тиісті деңгейде қызмет көрсету. Сонымен қатар азаматша қосымша қызмет ретінде келушілерге “түнгі көбелектерді” шақырып отырған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-тергеу әрекеттері барысында 27 жастағы әйел ұсталды.

Ол саунаға жеңіл жүрісті қыздарды шақырғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, әр жеңіл жүрісті қыздардан “жұмысқа” шақырғаны үшін 3 мың теңге алатынын айтты. Саунаға келген қыздар шақырушыға ақшаларын қолма-қол не болмаса банк қосымшасы арқылы жіберіп отырған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру