Полицейлер түнгі уақытта қараусыз жүрген жылқыны иесіне қайтарды
Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта қараусыз жүрген жылқыны иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары Ерлан мен Дилмурад түнгі уақытта ауыл ішінде бос, қараусыз жүрген жылқыны байқап, оны ұстап алды. Мұндағы мақсат – жылқының ұрылардың қолына түсіп қалуынан сақтау мен жолға шығып кетіп қандай да бір жол апатын жасауының алдын алу. Осы бағытта өзгенің жылқысын жетектеген полицейлер оны бөлімге жеткізді.
Содан бірден үй жануарының иесін табу бағытында қызмет атқарды. Жеделдетілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде таңертең Сайрам АПБ-ның қызметкерлері жылқының иесін анықтап, оған ескерту жасады. Ал жылқысы табылған Сайрам ауданының тұрғыны полицейлердің қырағылықтары мен жауапкершіліктеріне алғысын жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Жылқым ауламдағы қорада тұрған еді, қалай сыртқа шығып кеткенін білмедім. Малымды тауып, оны қауіпсіз жерде ұстаған полицейлерге рақмет, – деп атап өтті тұрғын.