Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицей жауынгерлік самбодан Азия кубогының алтынын жеңіп алды

Павлодарлық полицей жауынгерлік самбодан Азия кубогының алтынын жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласында “Маңғыстау-Арена” спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан ашық Азия кубогы өтті. Спорттық біріншілікке 13 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Павлодарлық полиция қызметкері Еркебұлан Егінбаев те қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Мәселен, қазақстандық спортшылар командасының қоржынына Еркебұлан 98 келі санаттағы қарсыласын жеңіп, алтын медаль алып келді.

– Азия Кубогына қатысып қана қоймай, тұғырға екі рет көтерілгеніме қуаныштымын. Еңбекқор жаттығулар өз жемісін берді, мен алдағы жарыстарда жеңіске жетуге ынталандым, – деп әсерімен бөлісті полиция қызметкері.

Айта кетейік, 13-15 қазан аралығында Өскемен қаласында Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасының чемпионатында Павлодар облысы Полиция департаментінің намысын қорғап, Еркебұлан 98 келіге дейінгі санатта спорттық самбодан қола жүлдеге ие болды.

– Мен жекпе-жек өнерімен айналысуға бала кезімнен бастадым: еркін күрестен спорт шеберімін, аударыспақтан Қазақстан Республикасының спорт шеберімін. Осы жылдан бастап жауынгерлік самбодан спорттық жарыстарда өнер көрсетіп, жекпе-жектің осы түрі бойынша спорт шебері атағына ие болдым, сондай-ақ ұлттық күрес және самбо шеберіне үміткермін. Спорт маған қызметте де көмектеседі, – деп атап өтті Еркебұлан.

Ішкі істер органдарында Еркебұлан өз қызметін 2017 жылдан бастап Екібастұз қаласында кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектордан бастаған. Қазір ол облыстың Полиция департаментінде қызмет етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру