Қызылордада ЖБО қызметкерлері велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады
Қызылордада ЖБО қызметкерлері велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
20 қазанда 102 арнасына облыс орталығының тұрғынынан көпқабатты үйлердің ауласында тұрған велосипедін белгісіз адам ұрлап кетіп қалғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда ҚПБ Жедел басқару орталығының қызметкері қала аумағындағы бейнекамераларды қарау барысында патрульдік қызметкерлерге бағыт-бағдар беріп, күдікті азамат құрықталды.
Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.