Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйдің ауласына диван лақтырған Павлодар тұрғыны жауапқа тартылды

Үйдің ауласына диван лақтырған Павлодар тұрғыны жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының Н.Назарбаев даңғылында орналасқан үйдің тұрғындары көршісіне шағымданып, полицияға хабарласқан. Олардың айтуынша, көршісі қажетсіз жиһазды аулада қалдырған.

Полицейлер жиһаздың иесін анықтап, онымен әңгіме жүргізді. Әйел диван жарамсыз болып қалғанын айтып, ақталған. Бұл жиһазды шығару коммуналдық қызметтердің міндеті деп ойлаған.

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Полиция қызметкерлері қала тұрғынымен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы әңгімелесті. Кейін ол қажетсіз жиһазды полигонға апаратын көлікті жалдады.

Биылғы жылы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін өңірдің 5521 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру