Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты
Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазанда «102» пультіне Қостанай тұрғынынан ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар келді.
– Өтінішті алғаннан кейін біз мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз, ол біреулердің үй жануары болған тәрізді. Қазіргі уақытта біз иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді, – деді учаскелік Асқар Ментаев.
Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.
ВИДЕО МҰНДА
Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, табиғи ортаға шығарды. Қазан-қараша айларында сужыландар әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды.