Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полициясында қылмыстарды ашып, тергеуге арналған жаңа жобалар енгізілуде

Павлодар облысының полициясында қылмыстарды ашып, тергеуге арналған жаңа жобалар енгізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің базасында “Бейнетергеу”, “Оқиға орнын 3D форматында қарау” және “Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу кезеңін пысықтау” пилоттық жобалары енгізілуде.

Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қылмыстық істерді жаңа форматта тергеуге қатысты осы және басқа да жаңалықтар туралы айтып берді.

21 қазанда Павлодар полициясында облыстың тергеу және анықтау бөлімшелерінің жеке құрамымен, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтарды сотқа дейінгі тергеу бойынша өкілеттіктері бар қызмет қызметкерлерімен кездесу өтті. Сондай-ақ, басшылар, ҚСжАЕК пен прокуратура қызметкерлері қатысты.

Жеке құрамның алдындағы сәлемдесу алғы сөзін Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов сөйледі.

– Қазақстанда жүргізіліп жатқан пилоттық жобалардың барлығы дерлік сіздің туған жеріңізден бастау алады. Бір кездері бұл жерде ақпараттарды есепке алудың электрондық журналын және өтініштер мен ақпараттарды есепке алу кітабын енгізу сияқты ауқымды жобалар сәтті сыналды, олардың негізінде жаңа ҚПК қабылданғаннан кейін бүкіл ел бойынша іске асырылатын “сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімі”, “Әмбебап полицей”, “Электрондық қылмыстық іс”, “қылмыстық процестің үш буынды моделі” құрылды, – деп атап өтті Санжар Әділов.

– Қазіргі уақытта “полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделін” құру бойынша да пилоттық жоба өтіп жатыр, сондай-ақ бүгінде мұнда бейне форматта тергеудің жаңа түрінің элементтері пайда болып, сынақтан өтуде. Біз сіздерден оқиға орнын бекітудің 3D моделін енгізу бойынша идеялар алдық, – деп нақтылады Әділов.

Айта кету керек, бұл жаңашылдықтың елде баламасы жоқ. Жеке құраммен кездесу барысында Санжар Әділов қазірдің өзінде қолданыстағы ҚПК шеңберінде тиісті түрде ведомстволық бақылауды қамтамасыз ете отырып, қысқа мерзімде іс жүргізу шешімдерін қабылдау мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

– Шешімдердің 40%-дан астамы 10 тәулікке дейін (3 тәулікке дейін – 20% және 10 тәулікке дейін – 20%) қабылданады деп болжануда. Осылайша, біз “тергеуге дейінгі тексеру” кезеңін енгізбестен нақты қылмыстарды тергеуге күш-жігерімізді жұмылдырамыз, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларға жол бермейміз, – деп атап өтті бастық спикер.

Өңірлік полиция департаментінің бастығы мен жеке құрамға арнаған сөзінде Санжар Әділов бүгінгі таңда Павлодар облысында осы пилоттық жобаны іске қосу үшін қолайлы жағдайлардың бар екенін атап өтті. Себебі жеке құрамның жұмысы басқа аймақтардан ерекшеленеді.

Кездесу барысында Санжар Әділов Павлодар облысының көзге түскен тергеушілерін, анықтаушылары мен криминалистерін марапаттады.

Кездесу соңында Павлодар өңірі Полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру және анықтау жөніндегі қызметкерлерінің қызметінің оң нәтижелері мен жоғары көрсеткіштерін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру