Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шекарадан гашиш алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Түркістан облысында қалтасына есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған шетелдік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Cарыағаш аудандық полиция бөліміне шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда Наоми атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға үріп, полицейлерге белгі береді.

Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте күдіктінің шалбарының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның гашиш екені расталды.

Ұсталған орта жастағы азамат Өзбекстан елінің тұрғыны болып шықты. Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру