Қостанай облысында автотасығыш аударылып кетті
Қостанай-Қарабұтақ тас жолында автотасығыш кюветке аударылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қазан сағат 11.06-да Қостанай Қарабұтақ тас жолының 127 шақырымында 40 жастағы автотасығыш жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке аударылды. Жол-көлік оқиғасында жүргізуші зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта көлікті эвакуациялау бойынша көмек көрсетілуде.
Полиция департаменті тұрақты негізде жүргізушілерге ауа райының өзгеруі жағдайында жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертетіндерін атап өтті.
Бүгін облыс орталығында полиция жүргізушілерге дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы ауа райының өзгеруі жағдайында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертуде. Полиция бөлімдерінің бастықтары да облыс аудандарында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге хабар таратуда.
Мысалы, Денисов полиция бөлімі бастығының м.а. Александр Коника бейнехабарлама арқылы аудан тұрғындарын ЖКО фактісі туралы ғана емес, алдын алу шаралары туралы да хабардар етеді.