Алматының тергеу изоляторына сусабынның ішіне есірткі салып өткізбек болған
Алматының тергеу изоляторына сусабынның ішіне есірткі салып өткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласындағы Тергеу изоляторында жатқан туыстарына немесе таныстарына есірткі таситындар аз емес.
Жуырда № 72 мекемеде (Тергеу изоляторы) тергеу тұтқынында жатқан 23 жастағы Қырғызбай атты жігітке әкелген сәлемдеменің ішінен есірткі ұнтағы табылды.
Тыйым салынған затты жеткізуші оны сусабынның ішіне жасырыпты.
Тергеу тұтқынындағы Қырғызбай Қылмыстық кодекстің 188 және 291-баптары бойынша тұтқындалып, Алматы қаласы Әуезов ауданы сотының үкімімен 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Сот үкімі 18 қазан күні күшіне енген.
Бұрын да сотты болған танысына есірткі тасымалдаған Асқар атты жігіттің әрекетіне қатысты Түрксіб аудандық Полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақырылып, ҚК 296-бабының, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.