Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз миссионерлікпен айналысқан тұрғынға айыппұл салынды

Шымкентте заңсыз миссионерлікпен айналысқан тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында қарқынды жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ, қазанда Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол араб тілін заңсыз оқыту курсын ашып, онда теріс ағымдағы дінді үйретіп, насихаттағаны, яғни заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқаны анықталды.

Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істі жүргізу барысында ол азамат 1 жыл ішінде дәл осы әкімшілік құқықбұзушылықты екінші рет қайталап отырғандығы белгілі болды.

Осыған байланысты Шымкент қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен жергілікті тұрғынға ҚР ҚК-нің 490-бабының 8-тармағына сәйкес 612 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру