Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығысқазақстандық азамат 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған

Шығысқазақстандық азамат 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Құйған ауылдық округіне қарасты Қызыл ту өткелінде жүргізілген тексеру кезінде Күршім ауданының ЖПҚБ ППТ қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Оның рұқсат құжаттарынсыз шаяндарды тасымалдағаны анықталған. Көлікте салмағы 364 келдіен асатын 6320-ға жуық тірі шаян бар екені белгілі болды.

Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы шамамен 2 млн теңгені құрайтынын хабарлады.

– Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік жүргізушісі шаяндарды келісім жасалған кезде бетперде киген, бұрын танымайтын бес ер адамнан сатып алғанын айтқан. Кейін тауарды күйеу баласының ГАЗель көлігіне тиеп, Өскеменге бет алған, жолда оны тәртіп сақшылары ұстаған. Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.

Естеріңізге сала кетейік, «Браконьер» ЖПІШ 19 қарашаға дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру