Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жыл басынан СҚО жолдарында мыңға жуық мас жүргізушіні тоқтатты

Полицейлер жыл басынан СҚО жолдарында 1000-ға жуық мас жүргізушіні тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас жүргізуші – қылмыскер. СҚО-да жыл басынан мас жүргізушілердің кінәсінен 16 жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан 5 адам қаза тауып, 16-сы жарақаттанды. Масаң күйде көлік басқару жағдайларына жол бермеу – жол қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды міндеттердің бірі. Мұндай фактілер жүргізушілер тәртібін арттыруға бағытталған рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады.

Мәселен, облыста өткен бір апталық «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ішімдік ішіп рөлге отырған 38 адам ұсталды.

– Естеріңізге саламыз: масаң күйде көлік тізгіндегені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылады. Масаң күйде көлік жүргізу – барлық жол қозғалысына қатысушылардың денсаулықтары мен өмірлері үшін аса қауіпті. Аталған фактілерге жол бермеуге бағытталған жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Қаңтар айынан облыста жол қауіпсіздігі желісі бойынша 9 жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды, 981 мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру