Петропавлда 600-ден астам жаңа жол белгілерін орнату ұсынылды
Петропавлда 600-ден астам жаңа жол белгілерін орнату ұсынылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көше-жол желісінің жай-күйі – жол қозғалысы қауіпсіздігінің маңызды факторларының бірі болып табылады. СҚО Полиция департаментінің және Петропавл қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығының көшелері мен жол инфрақұрылымының техникалық жай-күйіне күзгі кешенді тексеру жүргізді.
Зерттеу нәтижелері бойынша Петропавлдағы 108 бағдаршам объектісінің 34-де жаяу жүргіншілер мен негізгі көлік бағдаршамдарын, кері уақытты санау таймерлерін және “+” қызыл сигналдарын қосымша орнату ұсынылды. Сондай-ақ, көшелердің кейбір учаскелерін қайталама жол белгілерімен жабдықтау, автобус аялдамаларында және басқа да бірқатар орындарда белгілер орнату қажеттілігі анықталды. Сонымен қатар, апаттылықты азайту үшін полицейлер жаяу жүргіншілер өткелдерін жарық қайтаратын пленкамен жиектелген және жарқылдап тұратын белсенді жол белгілерімен одан әрі жабдықтаудың орындылығын көрсетті.
– Сондай-ақ, уәкілетті органдарға жол қозғалысын қауіпсіз ұйымдастыруға ықпал ететін көше жарығын жайластыру, жиектегі тастарды жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізу бойынша ұсынымдар жолданды. Қазіргі уақытта облыс аудандарында кешенді тексеру жалғасуда. Көлік қозғалысы көп республикалық трассаларға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыс апаттылықты азайтуға және жол-көлік оқиғалары салдарының ауырлығын төмендетуге бағытталған, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.