Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғыны ағасының өмірін құтқарып қалған полицейлерге алғыс білдірді

Тараз тұрғыны ағасының өмірін құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тараз қаласы Полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторларымен кешкі сағат 20:00 шамасында әкімшілік аумақты шолу барысында қала көшелерінің бірінде ес-түссіз жатқан ер азаматты көреді. Жедел түрде алғашқы көмекті көрсете отырып, қызметтік автокөлікпен қалалық аураханаға жеткізеді.

Жақын туыстарына хабарласып, орын алған жағдайды түсіндіріп, ер азаматпен бірге болған құжаттарын табыстаған. Туыстарының айтуынша, созылмалы аурумен ауыратын ер адамның бұндай жағдайға түсуі алғаш рет болып отыр.

Осы ретте тұрғындар дер кезінде ауыр жағдайдың алдын алып, өмірін сақтап қалуға көмек көрсеткендері үшін полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру