Қызылорда облысында дүкен қабырғасын бұзып кірген ұры ұсталды
Қызылорда облысында дүкен қабырғасын бұзып кірген ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда облысы Келінтөбе ауылының тұрғыны полицияға арызданған. Қазан айының 22-нен 23-не қараған түні өзінің тұрғын үйінің алдындағы азық-түлік дүкенінің қабырғасын белгісіз біреулер тесіп, ішіне кіріп, сөре ішіндегі 31 мың теңге ақшасын, 55 блок темекі өнімін, бейнекамераның тюнер құрылғысын және тюнерді суытып тұратын желдеткіш құралын ұрлап кеткен.
Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті 28 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.