Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 8 қолайсыз отбасы есепке алынды

Ақтөбе облысының полицейлері күзгі каникул кезінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Жедел-профилактикалық іс-шара облыс аумағында 2-6 қараша аралығында өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz

Іс-шараның бірінші күнінде полиция бөлімдеріне 49 кәмелетке толмаған жеткізілді, олардың 44-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болған.

Кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз көңіл көтеру орындарына кіргізгені үшін төрт жеке кәсіпкер, сондай-ақ ойын-сауық орындарында болғаны үшін төрт заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылықтың екі фактісі анықталды, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Ювеналдық полиция инспекторлары 12 жасөспірім мен 8 қолайсыз отбасын есепке алды.

Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде Полиция департаменті облыстың кәсіпкерлік басқармасымен, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен және прокуратурамен бірлесіп, ойын-сауық мекемелерінің әкімшілігімен мекемелердегі қылмыстардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру